Бронхорус в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению бронхоруса в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток бронхоруса, взаимодействие с другими лекарствами, применение бронхоруса (таблетки) при беременности. Инструкции: Бронхорус в сиропе;
Торговое название: Бронхорус®
Международное название: Амброксол
Лекарственная форма: Таблетки 30 мг.
Показания к применению:
Атс классификация:
R Средства, действующие на респираторную систему
R05 Средства, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
R05C Отхаркивающие средства, за исключением комбинированных препаратов, содержащих противокашлевые средства
R05C B Муколитические средства
Фарм. группа:
Отхаркивающее муколитическое средство. Код АТС:R05CB06.
Условия хранения: Хранить в сухом, защищенном от света месте при температуре не выше 25 С . Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения: 3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: Без рецепта.
Описание: Круглые таблетки белого цвета, плоскоцилиндрической формы с фаской.

Состав бронхоруса в таблетках

Активное вещество бронхоруса

Одна таблетка содержит: амброксола гидрохлорид 30 мг.
Бір таблетканың құрамында: 30 мг амброксол гидрохлориді.

Вспомогательные вещества в бронхорусе

Одна таблетка содержит: крахмал кукурузный, магния стеарат, тальк, лактоза.
Бір таблетканың құрамында: жүгері крахмалы, магний стеараты, тальк, лактоза .

Показания к применению таблеток бронхоруса

  • острый и хронический бронхит
  • пневмония
  • хроническая обструктивная болезнь легких
  • бронхиальная астма с затрудненным отхождением мокроты
  • бронхоэктатическая болезнь
  • жедел және созылмалы бронхитте
  • пневмонияда
  • өкпенің созылмалы обструктивті ауруында
  • қақырық түсудің қиындауы бар бронх демікпесінде
  • бронхоэктатикалық ауруда

Противопоказания бронхоруса в таблетках

  • гиперчувствительность к препарату
  • язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
  • эпилептический синдром
  • беременность (I триместр), период лактации
  • детский возраст до 12 лет (детям младше 12 лет назначают Бронхорус в форме сиропа)
В случае непереносимости лактозы (при синдроме нарушения всасывания глюкозы/галактозы или недостаточности сахарозы/изомальтозы) следует учитывать, что в состав препарата входит лактоза.
  • препаратқа асқын сезімталдықта
  • асқазан мен он екі елі ішек ойықжаралы ауруында
  • эпилепсиялық синдромда
  • жүктілікте (I триместрде), лактация кезеңінде
  • 12 жасқа дейінгі балаларға (Бронхорусты 12 жастан кіші балаларға шәрбат түрінде тағайындайды)
Лактозаны көтере алмаушылық жағдайында (глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуы синдромында немесе сахароза/изомальтозаның жеткіліксіздігінде) препараттың құрамына лактоза кіретінін ескерген жөн.

Побочные действия таблеток бронхоруса

Редко:
  • общая слабость
  • головная боль
  • диарея
  • дизурия
  • экзантемы
  • ринорея
  • запоры
При длительном применении в высоких дозах – гастралгия, тошнота, рвота.

Аллергические реакции: иногда - кожная сыпь, крапивница, ангионевротический отек, редко – аллергический контактный дерматит, анафилактический шок
Сирек:
  • жалпы әлсіздік
  • бас ауыруы
  • диарея
  • дизурия
  • экзантемалар
  • ринорея
  • іш қатуы
Ұзақ уақыт жоғары дозада қолданғанда – гастралгия, жүрек айнуы, құсу.

Аллергиялық реакциялар: кейде – тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, сирек - аллергиялық жанаспалы дерматит, анафилактикалық шок

Особые указания к применению

Не следует комбинировать с противокашлевыми лекарственными средствами, затрудняющими выведение мокроты.
С осторожностью применять при нарушении функции почек и тяжелых заболе-ваниях печени под тщательным контролем врача.

Беременность
Применение во ІІ или ІІІ триместре беременности возможно в том случае, если предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не выявлены.
Қақырықтың шығуын қиындататын жөтелге қарсы дәрілік заттармен біріктіруге болмайды. Бүйрек қызметі бұзылуында және ауыр бауыр ауруларында дәрігердің мұқият бақылауымен абайлап қолдану керек.

Жүктілік
Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде, егер анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қатерден артық болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Анықталмаған.

Дозировка и способ применения

Внутрь, после еды, запивая большим количеством жидкости. Взрослым и детям старше 12 лет – по 1 таблетке (30 мг) 3 раза в сутки. При необходимости для усиления терапевтического эффекта можно назначать по 2 таблетки (60 мг) 2 раза в сутки.

В тяжелых случаях заболевания дозу не уменьшают в течение всего курса лечения. Детям младше 12 лет Бронхорус назначают в форме сиропа. Не рекомендуется принимать препарат более 5 дней без консультации врача.
Ішке, тамақтанудан кейін көп мөлшерлі сұйықтықпен ішеді. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – 1 таблеткадан (30 мг) тәулігіне 3 рет. Қажет болған кезде емдік әсерін күшейту үшін 2 таблеткадан (60 мг) тәулігіне 2 рет тағайындауға болады.

Аурудың ауыр жағдайларында емдеу курсы бойы дозаны азайтпайды. Жасы 12-ден кіші балаларға Бронхорусты шәрбат түрінде тағайындайды. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қабылдауға болмайды.

Взаимодействие с лекарствами

Совместное применение с противокашлевыми лекарственными средствами приводит к затруднению отхождения мокроты на фоне уменьшения кашля. Увеличивает проникновение в бронхиальный секрет амоксициллина, цефурок-сима, эритромицина и доксициклина.
Жөтелге қарсы дәрілік заттармен біріктіріп қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырық кетуінің қиындауына әкеледі. Амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклиннің бронх сөлінісіне өтуін арттырады.

Передозировка бронхорусом в таблетках

Симптомы: диспепсия, тошнота, рвота, диарея.

Лечение: искусственная рвота, промывание желудка в первые 1-2 ч после прие-ма препарата; прием жиросодержащих продуктов.
Симптомдары:диспепсия, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емдеу: жасанды құстыру, препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 1-2 сағаттан соң асқазанды шаю; құрамында май бар тағамдарды қабылдау керек.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Абсорбция – высокая (при любых путях введения), время достижения макси-мальной концентрации – 2 ч, связь с белками плазмы – 80 %. Проникает через гематоэнцефалический барьер, плацентарный барьер, выделяется с грудным молоком.

Метаболизм – в печени, образует дибромантраниловую кислоту и глюкуроно-вые конъюгаты. Период полувыведения – 7-12 ч. Выводится почками: 90 % в виде водорастворимых метаболитов, в неизмененном виде – 5 %.

Период полувыведения увеличивается при тяжелой хронической почечной не-достаточности, не изменяется при нарушении функции печени.
Сіңірілуі – жоғары (шығарудың кез келген жолында), ең жоғарғы концентрациясының жету уақыты – 2 сағат, плазма ақуыздарымен байланысуы – 80%. Гематоэнцефалдық кедергі, плацентарлық кедергі арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.

Метаболизмі – бауырда, дибромантранил қышқылын және глюкуронды конъюгаттарды түзеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 7-12 сағат. Бүйрек арқылы шығарылады: 90% суда ерігіш метаболиттері түрінде, өзгермеген түрде – 5 %.

Жартылай шығарылу кезеңі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде ұзарады, бауыр қызметінің бұзылуында өзгермейді.

Фармакодинамика

Муколитическое и отхаркивающее средство.

Амброксол обладает секретомоторным, секретолитическим и отхаркивающим действием.

Амброксол стимулирует двигательную активность ресничек мерцательного эпителия слизистой бронхов (мукокинетическое или секретомоторное дейст-вие).

Перистальтические сокращения по спирали реснитчатых (цилиарных) клеток эпителия бронхов выводят слизь из бронхиального дерева (мукоцилиарный транспорт или мукоцилиарный клиренс). Амброксол значительно улучшает му-коцилиарный транспорт. Амброксол стимулирует серозные клетки желез сли-зистой оболочки бронхов, увеличивает содержание слизистого компонента мокроты и нормализует нарушенное соотношение серозного и слизистого ком-понентов мокроты. Активируя гидролизующие ферменты и усиливая высвобо-ждение лизосом из клеток Клара, уменьшает вязкость мокроты и ее адгезивные свойства (муколитическое или секретолитическое действие).

Амброксол повышает синтез и секрецию поверхностно-активного вещества (сурфактанта) в альвеолах и бронхах.

В результате этих механизмов значительно уменьшается вязкость мокроты и улучшается ее отхаркивание.
После приема внутрь действие наступает через 30 мин и продолжается в тече-ние 6-12 ч.
Муколитикалық және қақырықты түсіретін дәрі.

Амброксол секретомоторлық, секретолитикалық және қақырық түсіргіш әсерге ие.

Амброксол бронхтар шырышты қабатының жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қимыл белсенділігін (мукокинетикалық немесе секретомоторлық әсерін) ынталандырады.

Бронхтар эпителий кірпікшелері (цилиарлы) жасушаларының спираль бойымен перистальтикалық жиырылуы бронх тармағынан шырышты бөліп шығарады (мукоцилиарлық тасымалдану немесе мукоцилиарлы клиренс).

Амброксол мукоцилиарлық тасымалдануды айтарлықтай жақсартады. Амброксол бронхтар шырышты қабығы безінің серозды жасушаларын көтермелейді, қақырық шырышты компонентінің құрамын арттырады және қақырықтың серозды және шырышты компоненттерінің өзара бұзылысын қалпына келтіреді. Гидролиздеуші ферменттерді белсенділендіре және Клар жасушасынан лизосоманың босап шығуын күшейте отырып, қақырық тұтқырлығы мен оның адгезивтік қасиеттерін (муколитикалық немесе секретоликалық әсерін) төмендетеді.
Амброксол альвеолдардағы және бронхтардағы синтезді және беткейлік-белсенді заттың сөлінісін (сурфактантты) жоғарылатады.

Осы механизмдердің нәтижесінде қақырықтың тұтқырлығы елеулі азаяды және қақырықтың түсуі жақсарады.
Ішке қабылдағанда әсер етуі 30 минуттан соң басталады және 6-12 сағат бойы жалғасады.

Упаковка и форма выпуска

Таблетки 30 мг. По 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку. 2 контурных ячейковых упаковки с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
30 мг таблеткалар. 10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.